Иммунизация апталығы басталды — бұл жыл сайын өтетін бастама, екпенің маңыздылығына және барлық жас және әлеуметтік топтарды қамту қажеттілігіне қоғам назарын аударуға бағытталған. Биылғы жылы бұл іс-шара «Баршаға арналған иммунизация – бұл адамның қолынан келеді» деген ұранмен өтуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тақырыптық семинар өткізді.
Семинарда жоспарлы вакцинация мәселелерімен қатар, кенелер белсенділігі маусымының басталуына байланысты өзекті болып отырған кене арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу жолдары талқыланды.
Семинарда негізгі баяндама жасаған департамент басшысы Жанна Сабирова өңірдегі вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған эпидемиологиялық талдауды ұсынды. Оның айтуынша, профилактикалық екпелердің жүйелі түрде жүргізілуінің арқасында облыстағы жағдай тұрақты және бақылауда.
Еуропалық иммунизация апталығының ел бойынша жүзеге асырылу барысы туралы Атбасар ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Несібелды Дәулбаева айтып берді. Ол өз сөзінде Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесінің маңыздылығын және барлық жас топтарын — балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен қарт адамдарды қамтудың қажеттігін ерекше атап өтті.
Семинардың бөлек бір бөлімі кене арқылы берілетін аурулардың, оның ішінде кене энцефалитінің алдын алуға арналды. Спикерлер өңірдегі сырқаттанушылық бойынша өзекті мәліметтерді ұсынып, симптомдары, диагностика алгоритмдері және емдеу әдістері туралы еске салды.
Семинар қатысушыларына кене энцефалитіне зерттеу жүргізуге арналған клиникалық материалды іріктеу, тасымалдау және жеткізу алгоритмдері еске салынды. Бұл асқынулардың алдын алу мен уақытылы анықтаудың негізгі факторы болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/979677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді