Өскеменде полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарып қалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  Өскеменде полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарып қалды

Түнгі патрульдеу кезінде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — полиция капитаны Жанасыл Базарханов пен полиция лейтенанты Жасұлан Оралбеков Согра кентіндегі тұрғын үйдегі өрттің алдын алып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

Түнгі сағат екі шамасында Юннатов көшесімен патруль жүргізіп жүрген полицейлер жеке үйден шыққан түтінді байқайды. Күдіктеніп, бірден аулаға кірген олар үйден шығып келе жатқан ерлі-зайыптылар мен кішкентай қызды көреді. Сол сәтте үйдің ас бөлмесі өрт құшағына оранған еді.

Полиция капитаны Жанасыл Базарханов жедел түрде өрт сөндіру қызметіне хабарласып, әйел мен баланы қауіпсіз жерге — қызметтік көлікке шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, дереу жедел жәрдем шақырады. Ал лейтенант Жасұлан Оралбеков қолда бар құралдармен жалынды сөндіруге кіріседі. Сол уақытта олар тағы бір күйік шалған азаматты қауіпсіз жерге шығарып, келген медицина қызметкерлеріне тапсырады.

Үй ішінде басқа адам жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін, полицейлер екі газ баллонын тауып, оларды жарылыс қаупін болдырмау үшін дереу қауіпсіз қашықтыққа алып шығады. Бұдан кейін де олар өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жаумен күресті жалғастырды.

Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында үлкен қайғылы жағдайдың алдын алып, адамдардың өмірі аман қалды.

                                                                                                                                                                                                           Пресс-служба ДП ВКО

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/979598?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді