Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша профилактикалық нұсқаулық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы С.Р. Жанесенов ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Жылыой АЭТ «Атырау жарық» ЖШС-і қызметкерлерімен кездесіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша профилактикалық нұсқаулық өткізді, яғни қызметкер қосалқы баспалдақтарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу кезінде
жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында міндетті түрде сатының сынау мерзімін, олардың тұтастығы мен деформациясының болмауын тексеруге міндетті екендігі, сонымен қатар кәсiпорынның балансында жоқ, сондай-ақ қорғаныс құралдары мен құрал-саймандардың тiзбесiне енгiзiлмеген қосымша сатыларда жұмыс жүргiзуге тыйым салынатындығы айтылды.
Тұтынушылардың өтінімдері бойынша жұмыстарды орындау кезінде жұмыстарды қатаң түрде нарядпен немесе өкіммен белгіленген жұмыс көлеміне сәйкес жүргізу, шекараны бөлу тәртібін бұзбай, сондай-ақ жұмыс орны мен тапсырма көлемін кеңейте отырып, өз бетінше жұмыс жүргізуге болмайтындығы ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/979423?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді