
Бүгін Ұлттық статистика бюросында Қытай Халық Республикасы Ұлттық деректер басқармасының делегациясымен кездесу өтті. 2023 жылы құрылған Қытай бөлімі ұлттық деректер стратегиясын үйлестіруде, деректер инфрақұрылымын дамытуда, олардың интеграциясы мен алмасуын жеңілдетуде, Қытайдың цифрлық трансформациясын жалпы жоспарлауда және жасанды интеллектті дамытуда шешуші рөл атқарады.
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев бұл кездесудің Бюроның Ұлттық деректер бойынша цифрлық ведомствоға айналу бағытында жүргізіп жатқан трансформациялық жұмыс аясындағы маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін біз үшін Қытайдың ұлттық деректер басқармасының қонақтарын қабылдау ерекше мәртебе, сіздердің жүргізіп жатқан жұмыстарыңызға қызығушылығымыз зор, екі елге де ортақ болар мәселелер бар деп ойлаймын», – деп атап өтті Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
ҚХР ұлттық деректер басқармасы басшысының орынбасары Ю Ин ханым жемісті ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасуға сенім білдірді.
«Біз жақын арада әртүрлі көздерден алынған деректер үшін бірыңғай стандарттар мен нормативтер мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ цифрландыру дәуірінде деректерді басқару бойынша тиімді саясат құру бөлігінде ынтымақтастық құра аламыз деп үміттенеміз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді ШЫҰ саммиті аясында өтетін «Цифрлық экономика» форумына қатысуға шақырамыз», – деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/979415?lang=kk
Жауап қалдыру