Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауға, өнімділікті сақтауға бағытталған науқандық шара күннен-күнге күшейтілуде.
Зиянкес шегірткеге қарсы күрес шараларының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатындағы жергілікті билік өкілдері мен ауылшаруашылық мамандарының бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде ауданда
жалпы 25 000 гектар жер зерттеліп, оның 5 300 гектарында химиялық өңдеу қажеттілігі анықталған. Бүгінгі күні өңделген жер көлемі 4200 гектардан асты.
Зиянкестердің басым бөлігі Бөржар және Бадам ауыл округі аймақтарында анықталып, бұл жұмыстарға 8 арнайы техника, 10 дана химиялық препарат шашатын аспалы бүріккіш құралдар және 30 анықтаушы маман жұмылдырылуда.
Жауап қалдыру