
Жанама ауылдық округінде тарихи-мәдени мұраларды сақтау мақсатында “Ескерткіштер – ата мұрасы” атты тарихи сағат өтті
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Жанама ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскердің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен “Ескерткіштер – ата мұрасы” атты тарихи сағат өткізілді. [1]
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды тарихи-мәдени мұраларды сақтауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімді қалыптастыру болды. Шара барысында қатысушыларға еліміздің тарихи ескерткіштері жайлы мағлұмат беріліп, олардың маңыздылығы мен сақталуы туралы түсініктер қалыптастырылды.
Бұл іс-шара оқушылардың тарихи сана-сезімін арттырып, елінің мәдени мұраларына деген құрметін оятуға бағытталған маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/979370?lang=kk
Жауап қалдыру