Елдің күші халықтың бірлігінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні! Бұл мерекенің мәні өте жоғары. Аталмыш мерекенің шығу тарихы еліміз тәуелсіздік алған соң 4 жылдан кейін бастау алады.
Мемлекеттік мереке қарсаңында, яғни 2025 жылғы 18 сәуірде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жеке құрамға «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жамбыл облыстық «Тәжік» этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов және Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, облыстық «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің мүшесі Аракси Плетнева қатысты. Ассамблея өкілдері «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» туралы дәріс оқыды. Семинар барысында қызметкерлерге 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын Республикада бейбіт өмір үшін өте қажет достық, түсіністік және келісім мерекесі туралы түсініктемелер берілді.
Семинар барысында ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Бакжанов сөз сөйледі.
Семинар соңында осы тақырыпқа арналған ролик көрсетілді.

Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/979353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді