САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың Сарыағаш ауданы тұрғындарымен  кездесуінде берілген   хаттамалық тапсырмаларды орындау, тұрғындар тарапынан айтылған  мәселелерді талқылау мақсатында  тұрғындарымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

 

Жиынға Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алдияр Қозыбаев,  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Жәнібек Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек  Асылбекұлы аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры Мақсат Мошқалов, аудандық полиция басқарма бастығының орынбасары  Жұман Сандыбаев, қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер және мекеме басшылар, аудан тұрғындары қатысты.

 

Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Рысбек  Асылбекұлы  регламентке сәйкес жүргізіп, аудандық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары туралы баяндады.Тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, аудандық музей ғимаратын жаңарту, әлеуметтік және денсаулық саласына қатысты мәселелер және жеке мәселелері бойынша өтініштері қаралды.

 

Сала басшыларымен халық қалаулылары  ұсыныстар мен өтініштерге заң аясында мардымды жауап беріп, шешу жолдары қарастырылды. Тиісті мекеме және сала басшыларына тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/979329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді