Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген «Ерлікке тағзым» патриоттық акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2025 жылы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады – бұл тарихи дата халықтар ерлігі, батырлығы мен бірлігін мәңгі есте қалдыратын маңызды күн болып табылады.

  Осыған орай, ағымдағы жылғы 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, өңірдің мемлекеттік қызметшілері мен антикор-волонтерлерінің қатысуымен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жерлеу орындары мен ескерткіштерінің маңындағы аумақты санитарлық тазалау мақсатында «Ерлікке тағзым» акциясын өткізді.

  Абаттандыру жұмыстары – соғысты бастан кешірген буынның ерлігі мен қайсарлығы алдындағы құрмет пен тағзымның белгісі. Бұл – болашақтағы бейбіт өмір үшін жанын қиған жандарға деген ризашылықты білдірудің бір жолы.

  Акция шеңберінде қатысушылар ардагерлер жерленген зират аумағын тазалап, қоқыстарды жинап, аллеяны сыпырып, былтырғы жапырақтарды жинады.

  Ерлердің ерлігі – ел есінде!

 

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kostanay/press/news/details/979328?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді