
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Абай облысы Әділет департаментімен «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу» тақырыбында ZOOM платформасында семинар өткізілді. Семинарға Жаңасемей, Мақаншы, Ақсуат аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қызметкерлері қатысты.
Іс шара барысында нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы М.Қайратов нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісуге жолдау барысында жіберілетін қателіктер туралы толық ақпарат беріп, алдағы уақытта алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Абай облысы бойынша филиалының маманы Ұ.Ыбыкеновпен мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы келісуге және мемлекеттік тіркеуге жолдау тәртібі туралы ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қызметкерлері жалпы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу бойынша ауқымды мәселелермен сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына нақты жауаптар алып, семинар ойдағыдай өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/987842?lang=kk

Жауап қалдыру