Инфекциялық ауруларға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу талаптары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында Zoom платформасы арқылы семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар инфекциялық аурулардың алдын алу және таралуын болдырмау үшін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу кезінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды талқылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әлемде таралып жатқан инфекциялар мен олардың ықтимал қатерлері, сондай-ақ, Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы да ақпарат берілді.

Семинардың нәтижесінде қатысушылар эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттестікті нығайту, ақпарат алмасу және үйлестіру жұмыстары бойынша нақты қадамдар жасау қажеттігін атап өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты — инфекциялық аурулардың алдын алу мен олардың таралуын болдырмау үшін санитариялық-карантиндік бақылау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жедел әрекет ету дағдыларын дамыту.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/988032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді