Әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихатта депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Іс-шара мәслихаттың депутаты Ғ. Даитованың төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасова, аудан әкімі С. Шабаров, аудандық мәслихатының депутаттары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Отырыс шеңберінде күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды: «Шортанды ауданының отбасыларын қолдау және сүйемелдеу орталығының жұмысы туралы», «Мемлекет басшысының жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жұмысшы кәсіптерін қолдау жөніндегі Шортанды ауданының Мансап орталығының жұмысы туралы».
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Шортанды ауданының отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығының директоры С.Әбілқайыров, «Шортанды ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры Д. Абсалямов баяндама жасады.
С. Әбілқайыров мекеменің ағымдағы қызметі туралы ақпарат берді, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыстың басым бағыттарын белгіледі, сондай-ақ статистика мен басқа да әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл нәтижелерімен бөлісті. Д. Абсалямов жұмысшы мамандықтарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды, сондай-ақ ауданда отбасыларды әлеуметтік қолдауды нығайту бойынша одан әрі қадамдар белгіленді.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/988102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді