«Заң мен тәртіп»: энергетика басқармасының қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ашықтық, қызметтік этика қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы Энергетика басқармасының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Іс-шара адал және жауапты мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде өтті.

Семинар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қолданудың практикалық аспектілеріне арналды. Дәріс спикері – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының ІІО офицері Үйсімбеков Әнуар энергетика секторына тән сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ерекшелігіне, сондай-ақ ішкі бақылау тетіктерін енгізудің маңыздылығына, рәсімдердің ашықтығы мен басқарудың барлық деңгейлерінде есептілікке назар аударды.

Қатысушылардың назары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңның нормаларына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтен бастап нөлдік төзімділік мәдениетіне дейінгі бұзушылықтардың алдын алудың тиімді құралдарына аударылды. Ашық диалогта практикалық жағдайлар, бұзушылықтарға ден қою жолдары және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл алгоритмдері талқыланды.

«Заң мен тәртіп» қағидатының принциптері – әділдік, адалдық, жеке жауапкершілік — бүкіл семинардың қызыл жібі болды. Қатысушылар ұсынылған материалдың мазмұны мен қолданбалы сипатын атап өтіп, өз қызметінің сапасы мен ашықтығын арттыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Семинар мемлекеттік басқарудағы парасаттылық институтын нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды және мемлекеттік қызмет ең алдымен қоғам мен заңға қызмет ету екенін еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/988128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді