
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту» Жобасы аясында төмендегі салалар бойынша сарапшыларды (Алматы қаласының 8 ауданы бойынша) іріктеуді жариялайды:
Салалар:
– Азаматтық қоғамды дамыту
– Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару
– Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)
– Әлеуметтік сала
-Инфрақұрылым мәселелері
– Этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісім
Міндеттері:
– Семинарлар мен тренингтерге қатысу
– Өзекті мәселелер бойынша кеңес беру
– Жергілікті деңгейдегі шешімдер мен ұсыныстар әзірлеу
Талаптар:
– Салада кемінде 3 жылдық тәжірибе
– Сарапшылық қызметте тәжірибе болғаны құпталады
– Ұсыныстар мен шешімдер дайындауға қабілеттілік
Өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 05 мамырға дейін
Өтініштерді жолдау: janashyrofficial@mail.ru
Қосымша ақпарат үшін: +7 (707) 324 01 76
Бізбен бірге қоғамның дамуына үлес қосыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/988186?lang=kk
Жауап қалдыру