


– жүрек айну, құсу;
– сұйық нәжіс (күніне 10-15 рет ауырсынумен болуы мүмкін);
– дене температурасының 38-390 С дейін көтерілуі мүмкін;
– бас ауруы, әлсіздіктің пайда болуы;
– терінің құрғауы.

– жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, көшеден келгеннен кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуу керек;
– пайдалануға дайын және шикі өнімдерге бөлек бөліп-турауға арналған тақталар мен пышақтарды қолданыңыз;
– сатып алынатын өнімдердің қаптамаларында көрсетілген жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын мұқият қадағалаңыз;
– тез бұзылатын өнімдерді сақтау және дайындау шарттарын сақтау. Тез бұзылатын өнімдерді ұсынылған температуралық режимді сақтай отырып, тоңазытқышта сақтаңыз. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, тауық жартылай фабрикаттары және т.б.) пісірген кезде жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз;
– көкөністерді, жемістер мен жидектерді мұқият жуып, қайнаған сумен шайып жіберіңіз;
– ыстық елдерге саяхаттау кезінде: тек бөтелкедегі суды ішіңіз, жабық ыдыстағы мұзсыз сусындарды алыңыз.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/988570?lang=kk
Жауап қалдыру