ТЖМ азаматтарды табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуге бағытталған шаралар кешенін қабылдауда.

  Өңірлерде алдын алу шаралары басталды. Еліміздің орманды-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін мемлекеттік өрт бақылау, орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды.

  Елдің орманды-дала аймағындағы өрт қаупіне табиғи климаттық жағдайлар мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы үлкен әсер етеді.

  Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз:

  – жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз;

  – орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіз;

  – табиғат аясында болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнекке шағылысып құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін;

  – жанатын қоқыстарды шығару, құрғақ өсімдіктерден тазарту және елді мекендердің аумағын жинау бойынша іс-шаралар жүргізіңіз;

  – табиғи өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметіне 101, 112 телефондары арқылы дереу хабарлау қажет.

  Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін назарларыңызға саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/988730?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді