
Облыстық прокуратура қызметкерлері Н.Асқарұлымен Н.Қасымов мырзалардың төрағалығымен Ақирек ауылдық округі тұрғындарымен маңызды кездесу өтті. Бұл басқосу «Заң керуені» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Жергілікті халықты мазалаған мәселелер — жер қатынастары, әлеуметтік көмек, құқықтық кеңес және қоғамдық тәртіпке қатысты сұрақтар кеңінен талқыланды.
Мұндай кездесулер – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге сеп болары сөзсіз.
Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aqirek/press/news/details/988734?lang=kk

Жауап қалдыру