
Барынша балаларға сақ болайық! Қазіргі кезде күннің күрт ысып кетуіне орай су айдындары маңында суға шомылып жүрген балаларды көріп жүрміз. Ата-аналардан балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдырмауын, су айдындары маңына бармауын қадағалауды сұраймыз. Кеше ғана өңірімізде баланың суға кету оқиғасы орын алды. Сондықтан су айдындары маңында жүрген балаларды ата-анасына немесе полиция қызметкерлеріне тапсыру жұмысы жүргізілуде екенін ескертеміз. Балаңыздың амандығы ең бірінші орында екенін естен шығармаңыз, ата-ана!
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/988894?lang=kk
Жауап қалдыру