Нұрдәулет Қилыбай облыс тұрғындарына кезекті қабылдауын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкіммен кездесу барысында тұрғындар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сынды маңызды салаларға қатысты өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Қабылдауға келген азаматтың бірі денсаулық жағдайына байланысты жәрдемдесуді сұрады. Өңір басшысы оның өтінішін назарға алып, көмек көрсету жөнінде жауапты мамандарға тапсырма берді.

Бұдан бөлек, бір топ жұмысшы жұмыс беруші мекеме тарапынан жалақыларын ала алмай жүргендерін және еңбек демалысына байланысты тиісті төлемдердің төленбей отырғанын жеткізді.

Нұрдәулет Қилыбай әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында шешу мақсатында тиісті мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/988883?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді