2025 жылғы 29 сәуір Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігі» сараптамалық-талдамалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Отырыс жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты – экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Советұлы Қойшыбаев, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Мүдделі тұлғалардың мекенжайына нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қаралған саладағы басқару сапасын арттыру бойынша ұсыныстары бар сараптамалық-талдамалық қорытынды жіберілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/989212?lang=kk
Жауап қалдыру