«Art Open-2025» ІІ облыстық хореографиялық өнер байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық би күніне орай ұйымдастырылған «Art Open-2025» атты ІІ облыстық хореографиялық өнер байқауында Жаңасемей ауданының өнерпаздары зор жетістікке қол жеткізді.

Байқау барысында ерекше дарынымен көзге түскен «Милашки» үлкен би тобы жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік пен сахналық мәдениетті паш етіп, ІІ орын иеленді. Би ұжымының өнері көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленіп, байқаудың көркін аша түсті.

Бұл жетістік — ауданымыздың мәдени өміріндегі үлкен оқиға әрі жастардың хореографиялық өнерге деген қызығушылығының арта түскенін дәлелдейді.

Жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен жаңа белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/989297?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді