ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан» университетінде «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты кездесу өтті. Жиынға Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Б.Өнербаев, әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Б.Салиев, Шымкент ҚПД, Әл-Фараби АПБ, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы полиция аға-лейтенанты Ә.Анарбаева, «қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Н. Абдукаримов, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің теолог маманы А.Шамуратов қатысты.

Кездесуде отбасы немесе жастар арасындағы буллинг мәселесі, жат ағымдарға бет бұрудың алдын алу және этносаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланды. Жиын соңында студенттер тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан толық жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/989565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді