
“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол полициясының ардагерлері жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.
– Біз, жол полициясының ардагерлері, еліміздегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер министрлігі тарапынан қабылданып жатқан шараларды қолдап, әкімшілік полиция комитетіне практикалық көмек көрсетуге әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді.
Біздің ардагерлер – өздерінің көпжылдық тәжірибесінің арқасында қызметтің қыр-сырын меңгерген азаматтар.
Қазіргі уақытта ел жолдарында ережелерді елемеу салдарынан жол-көлік оқиғаларында жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатқаны бәрімізге мәлім.
Республикада 19 сәуірден бастап “Қауіпсіз жол” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Осыған байланысты біз, жол полиция ардагерлері, барша жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ардагерлер кеңесі жол полициясы ардагерлер ұжымының төрағасы Біржан Сүлейменов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/989768?lang=kk
Жауап қалдыру