
Еліміздің 16 өңірінде су тасқынына дайындық аясында жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 400-ге жуық бөгет жөнделді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктер мен бірлесіп іске асырып жатқанын атап өтемін. Сондай-ақ, аталған мемлекеттік органдардағы әріптестерімізбен бірге 6 облыстың 84 елдімекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Бұл жұмыс не үшін қажет?
Бұл 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/922856
Жауап қалдыру