
2 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары Санат Төкеновтың төрағалығымен Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
⚜️Комиссия отырысында екі маңызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе – бөлінген бюджет қаражатын тиімді және ашық пайдалану бойынша қабылданып жатқан шаралар. Бұл бағытта аудандық экономика және қаржы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалып, қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау тетіктері мен қоғамдық мониторингтің рөлі атап өтілді.
⚜️Екінші мәселе – тұрғын үй кезегі мен тұрғын үй бөлу процесіндегі ашықтықты қамтамасыз ету. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен тиісті мекемелердің өкілдері кезектілікті қалыптастырудағы цифрландыру жұмыстары, өтініштерді қараудың ашық жүйелері және тұрғындардың қолжетімді ақпаратқа ие болуы бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
⚜️Комиссия мүшелері тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған ұсыныстар айтылып, аталған мәселелер бойынша бақылау күшейтілетіні жеткізілді. Жиын қорытындысында тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, есептіліктің айқындылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз кызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/989121?lang=kk

Жауап қалдыру