Астанада теннистен Virtus World Championships – 2025 әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада  теннистен Virtus World Tennis Championships 2025 интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі  спортшылар арасында әлем чемпионаты басталды. Жарысқа Қазақстан, Бельгия, Австралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан және Франция сынды 8 елден 50 спортшы қатысып жатыр.

«Дәулет» спорт кешенінің аумағында өткен салтанатты ашылу рәсіміне ресми делегациялар, теннис федерациясының өкілдері мен спортшылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин ашылу рәсімінде спортшыларға сәтілік тілеп, алғысын білдірді.

«Елімізде теннис интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында жаңа бағытын бірі. Мұндай деңгейдегі чемпионатты өткізу бұл спорттың одан әрі дамуы үшін маңызды қадам болатынына сенімдімін. Жарысқа қатысып жатқан барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Сіздердің тартысты ойындарыңыз бен  жарқын жетістіктеріңіз барша жанкүйерлерге қуаныш сыйласын! Virtus World Tennis Championship 2025 —ашық деп жариялаймын»,- деді комитет төрағасы.

Чемпионат инклюзивті спорт пен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/989891?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді