Аудан әкімі Шижаға ауылында тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Аққұм ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ең алдымен Аққұм ауылдық округіне әкім болып жаңадан сайланған Нұрбек Жандәулетовті жаңа қзыметімен құттықтады.

Ауыл тұрғындарының дауыс беру қорытындысына сәйкес басым дауысқа ие болған Нұрбек Жандәулетовке аудандық сайлау комиссиясының қорытындысына сәйкес ауылдық округ әкімі қызметік куәлігі табысталды.

Аудан әкімі ауыл ақсақалдарының ұсынысын тыңдап, ауыл әкімі елдегі өзекті деген мәселелерді шешуге алдағы уақытта күш салатындығын жеткізді.

Мұнан соң ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде тоқталып өтті. Ауылдағы өзекті деген мәселелер де кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанына тоқталып, тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің барлығы заңдылығына сай қаралып, шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Кездесуде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан бір топ ауыл тұрғындары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ауыл тұрғындары аудандағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанына қуанышты екендіктерін айтып, ризашылықтарын жеткізді. Аталған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауда болған ауыл тұрғындары жұмыссыздық және тұрғын үй мәселесін көтерді.

Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселе басты назарында болатындығын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы ауылға жасаған сапарында ауыл ішінде құрылыс басталып, сапасы сынға ұшыраған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкілдерімен тілдесті.

Істелген жұмыстың мардымсыз екенін айтып, үлкен кешеннің негізгі іргетасының өзі дұрыс құйылмағанын атап өтті. Жұмысты тез арада қайта қолға алып, кеткен кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіруді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/989914?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді