Қарағандыдан Балқашқа қосымша жүрдек пойыз іске қосылмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаштың туристік тартымдылығын арттыру үшін және қарағандылықтарға ыңғайлы болу үшін Балқашқа қосымша жүрдек пойыз іске қосылады. Ол маусым мен қыркүйек аралығында жүреді және осы уақыт аралығында 30 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, аялдамалар санын қысқарту есебінен жол жүру уақыты 6 сағатты құрайды. Алты вагоннан тұратын құрам күнара жүретін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/989990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді