Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: Екібастұз инженерлік-техникалық институтында кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету және ҚазақстанРеспубликасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті “Әділдік және өркендеу” ҚҚ филиалының өкілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волнтер Гүлнара Исеновамен бірлесіп академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние таным дықалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту болды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелері, жастардың сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі және волонтерлік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Іс-шараға 80-нен астам студент қатысты.

“Әділдік және өркендеу” ҚҚ филиалының өкілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Гүлнара Исенова Финляндия, Норвегия, Сингапур және т. б. сияқты елдердің мысалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдану тәжірибесін, сондай-ақ студенттердің ашық және әділ ортаны қалыптастыруға белсенді қатысуының маңыздылығы туралы түсіндірді, сондай-ақ Академиялық адалдықпен оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын сақтауға шақырды.

Студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптарға толық жауаптар алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

#Тәртіпті_өзімізден_бастайық


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/988699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді