
Бүгін басқарма басшысы «Білім саласындағы өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында резервке алынған педагогтермен кездесті.
Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылы 13 педагог, 2024 жылы – 12 педагог «Білім саласының 1000 көшбасшысы» жобасының аясында кадр резервіне алынды.
2023 жылы резервке алынған тұлғалардың 13-і білім беру ұйымының басшысы лауазымына орналасты.
2024 жылғы резервистердің 3-уі тағайындалды.
Қалған 9 резервистке кездесу барысында облыстағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, басқарма басшысы мен резервисттер білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/990177?lang=kk

Жауап қалдыру