
Азық-түлікті алып, тамақ пісірер алдында қолыңызды жуыңыз. Тамақты пісірер алдында қолданылатын барлық беттер мен ас үй ыдыстарын жуыңыз және зарарсыздандырыңыз.⠀
Шикі ет, құс етін басқа өнімдерден бөліп, бір-бірінен бөлек сақтаңыз. Шикі өнімдерді өңдеу үшін пышақ және кесу тақталары сияқты жеке ас үй аспаптары мен керек-жарақтарын пайдаланыңыз. ⠀
Тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, балық және жұмыртқаны мұқият қуырыңыз немесе пісіріңіз. Еттің дайын болғанына сенімді болу үшін етті аздап тілу қажет, еттің сорпасы қызғылт емес, мөлдір болуы керек, егер сорпасы мөлдір болса демек ет пісті деген сөз.⠀
Дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз. Барлық дайындалған тағамдар мен тез бұзылатын тағамдарды кідіріссіз салқындатыңыз (5°C-дан төмен болған жөн). Пісірілген тағамдарды дастарханға әкелгенге дейін ыстық күйінде сақтау қажет (60°C дейін). Тамақты ұзақ уақыт, тіпті тоңазытқышта да сақтамаңыз. Бөлме температурасында өнімдерді ерітпеңіз.⠀
Пастерленген немесе зарарсыздандырылған сүт сияқты термиялық өңделген тағамдарды таңдаңыз. Жемістер мен көкөністерді жуыңыз, әсіресе оларды шикі күйінде сатып алған кезде. Кепілдендірілген таза ауыз немесе қайнатылған судықолданыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/990167?lang=kk

Жауап қалдыру