Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес әр түрлі себептермен шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына кандидатураларды ұсынудың басталғанын хабарлайды.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;
4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 6 мамырынан – 20 мамырға дейін.
Хромтау аудандық мәслихаты
Мәслихаттың орналасқан жері: Хромтау қаласы, Республика көшесі, 784.
Жауапты тұлға – Жубаназаров Медет Нагашбаевич, каб. №101, ұялы телефон 87054767600, қалааралық телефон коды (871336), қызметтік телефон 59-9-96, факс нөмірі 59-99-5, электрондық почта apparat_maslihat@mail.ru.
Сайлау комиссиялары бойынша бос орындар:
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
Бос орындар |
|
№447 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі |
1 |
|
№460 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі |
2 |
|
№461 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі |
1 |
|
№462 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі |
2 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-hromtau/press/news/details/990228?lang=kk

Жауап қалдыру