«Жеңіс жыры – ерлік үні!» атты әдеби-сазды кеш

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жыры – ерлік үні!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – ерлік пен елдік ұғымдарының маңызын ұрпақ жадында жаңғыртып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған азаматтарды ұлықтау. Батыр бабалар жолын жалғаған, ел тыныштығын күзеткен қазіргі сарбаздар мен ер-азаматтар – бейбіт өмірдің сенімді қалқаны, мемлекеттің берік тірегі. Тәуелсіздіктің тұрақтылығын сақтау – әрбір азаматтың парызы. Бұл мереке – Отанға деген сүйіспеншілік пен жауынгерлік рухтың көрінісі, Жеңіс күнімен үндесіп, елдік мұратты дәріптейді.

Әдеби-сазды кешке  «ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарбаздары, Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Берген Мақсот Қабышұлы, Орал қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнесов Мынатаубиік Тауфиқұлы және қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Кеш аясында жауынгерлік әндер шырқалып, поэзия оқылады, бейбіт өмірдің қадірі мен ардагерлердің ерлігі сөз болады. Жастарға үлгі болатын бұл тағылымды кеш елдік рухты асқақтатып, патриоттық сезімді арттыруға сеп болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/990622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді