
Ағымдағы жылдың 5 мамырында «Заң мен тәртіп» нарративі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде қоғамдық мониторинг ұйымдастырылды, оның барысында «Nomadas» ЖШС тасымалдаушысы қызмет көрсететін Көкшетау – Қызылорда бағыты бойынша жүретін №55/56 жолаушылар пойызына тексеру жүргізілді.
Сапар барысында вагондардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, құрамның техникалық жағдайы, жолаушылар үшін жағдайлар, сондай-ақ персонал жұмысының белгіленген талаптар мен қызмет көрсету стандарттарына сәйкестігі бағаланды. Мониторинг қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Пойыздың жағдайы тиісті санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес деп танылды, жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықтың барлық талаптары толық көлемде сақталды.
«Nomadas» ЖШС тасымалдаушысының қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы мониторингке қатысушылардан оң баға алды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/990827?lang=kk
Жауап қалдыру