
2025 жылғы 06 мамырда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымы салтанатты түрде департаменттің ер азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Барлық уақытта Отанды қорғау әркім үшін қасиетті міндет болды және болып қала береді. Қазақстандық патриотизм біздің көпұлтты қоғамымыздың табысты дамуының кепілі.
Департамент басшысының орынбасары Елена Ұланқызы Сугурова құттықтау сөз сөйледі. Ер азаматтарға табыс, зор денсаулық, амандық, бейбіт аспан тіледі.
Салтанатты бөлім соңында концерттік бағдарлама қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/990811?lang=kk
Жауап қалдыру