
🔰 СОЗАҚ: ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА
🔹 2025 жылдың 6 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Тулендиев Мұрат Сағынұлы Созақ ауданы, Шолаққорған елді мекенінде орналасқан ҚР ДСБ “Созақ аудандық орталық ауруханасы” КММ-не ҚР Еңбек кодексінің 10-бабы «Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері», ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері», кодекстің 33-бабы «Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі» және кодекстің өзге де баптары бойынша мәселелерге қатысты аталмыш мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысымен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алуда атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұрат Сағынұлы орталық аурухана ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
🔹 Мұрат Сағынұлы еңбек ұжымына жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990861?lang=kk
Жауап қалдыру