2025 жылдың 1 тоқсанындағы иммунопрофилактиканың проблемалық мәселелері бойынша облыстың өңірлік штабының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 6 мамырда ZOOM режимінде облыс әкімінің орынбасары О.Қ. Таурбековтың төрағалығымен облыстың өңірлік штабының отырысы өткізілді, онда 2025 жылдың 1 тоқсанында медициналық–санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының медицина қызметкерлерінің қатысуымен иммунопрофилактиканың проблемалық мәселелері қаралды.

Облыстық штаб отырысында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин сөз сөйледі. Иммунопрофилактиканың проблемалық мәселелері, оның ішінде Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес декреттелген контингентті вакцинациямен қамту туралы айтылды. Сонымен қатар, тәрбие, білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне мониторингтік шығу нәтижелері туралы атап өтті.

Тұрғындардың екпелерге қатынасын қалыптастыратын медицина қызметкерлерінің коммуникативтік дағдыларына баса назар аударылды.
Штаб отырысының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау объектілерінің басшыларына иммунопрофилактиканың жай-күйін жақсарту жөнінде тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/990849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді