
⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ!
🇰🇿 Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 7 мамырында сол кезге дейін Мемлекеттік қорғаныс комитеті болып келген орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.
🇰🇿 Отан қорғаушылар күні — “Қазақстан Республикасының мерекелер туралы” Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке. Сонымен бірге атаулы күннің қоғамдық-саяси мәні бар.
🇰🇿 Бұл күн — елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметші мен тыл қызметкерлеріне арналған.
🇰🇿 Ата – бабамыз мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жерімізді бүгінде ержүрек ерлер қорғап келеді.
🇰🇿 Отан қорғаушы!
Өзін ер-азаматпын деп санайтын, кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
🇰🇿 Отаншылдық рух – қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Сондықтан біздің бүгінгі күнгі басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін нығайтып, ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді азаматтар тәрбиелеу.
🇰🇿 Департамент ұжымы барша қазақстандықтарды, барша ер азаматтарды «Отан қорғаушылар» күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990876?lang=kk
Жауап қалдыру