Зеренді ауылының орталық алаңында Отан қорғаушы күніне арналған «Ел қорғау – ер ісі» атты салтанатты іс шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мереке Мемлекеттік ән ұран орындау мен аудан әкімінің міндетін атқарушы Асхат Мұратбекұлы Ахмедьяновтың құттықтауымен басталды.
Тыл ардагерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл» мерейтойлық төс белгілерімен марапатталды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен қорғаныс кадрларын даярлау жүйесінің өкілдері Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Міндетті әскери қызметке шақырылған бозбалаларға естелік сыйлықтар табыс етілуі ерекше сәт болды.
Көрермендердің ерекше ықыласын Зеренді ауданындағы мектеп оқушылары арасындағы «Жас сарбаз» құрамаларының шеруі мен әндері аударды. Топтар тамаша жаттығулар мен әскери әндерді орындады.
Мереке соңында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мен интернационалист жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Мереке барлық ұрпақтардың ерлігі мен патриотизмге деген құрмет белгісіне айналды.
Мерекелеріңізбен, Отан қорғаушылар!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, ашық аспан тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/990871?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді