Қонаев қаласында Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай патриоттық әндер байқауы өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қонаев қаласының мәслихатының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, тарихымызды құрметтеу және батырларымыздың ерлігін ұлықтау.
 
Байқау барысында оқушылар туған елге деген махаббатын ән арқылы жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылардың орындауындағы жүрек тебірентер әндер залдағыларды толқытты.
 
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді деп сенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/990896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді