
2025 жылғы 6 мамырда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығымен Марқакөл ауданы Боран ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай және Қ. Нұрғалиевтың 100 жылдығына «Жеңісті жүректе сақтаймыз: Қазақстан оқушыларын азаматтыққа және отансүйгіштікке баулу» облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы 80 жылдық тарихи оқиғаларды еске алып, тағзым ету арқылы ұлттық рухты дәріптеу, Ұлы Отан соғысының ардагері Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің өмір жолы мен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, оның отансүйгіштік рухын, батырлығын насихаттау арқылы тарихи сананы қалыптастыру, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу.
Семинарда ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышёва құттықтау сөз сөйлеп, халық мұғалімінің туған жеріндегі іс-шараның маңыздылығы мен тарихи құндылығын атап өтті.
Семинар барысында Даңқ, Өлкетану залына және Қ.Нұрғалиев мұражайына экскурсиялар, «Ер есімі – ел есінде» бейнефильмі, «80 жылдық Ерлікке тағзым», «Ерлік елге мұра», «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс», «Ерлер-жердің қорғаны, елдің-тұтқасы» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/991507?lang=kk
Жауап қалдыру