
Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңес төрағасының төрағалық етуімен мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Отырыста бес мәселе қаралды.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ 2024 жылы және 2025 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы.
Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің бас маманы Александар Владимирович Казанцев хабарлады.
- «Мәселелер және оларды шешу жолдары» (жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы жасанды тегіссіздік, базардағы стихиялық сауда, қаңғыбас иттер, ішімдік және жастар мәселесі, белгілер орнату, көліктерге зауыттық емес шамдарды қолдану, мопедтерді тіркеу және т.б.).
Полиция бөлімі басшысының орынбасары Данияр Асылбайұлы Әбілев хабарлады.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлайды.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы.
Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Сайранұлы Әленов хабарлайды.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресновка ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Кристина Владимировна Топорова хабарлайды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/991625?lang=kk
Жауап қалдыру