
Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласындағы «Жеңіс» саябағында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған 80 жылдық мерекелік жиын өтті.
Салтанатты іс-шара «Ер есімі – ел есінде» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Жиналған жұртшылық майдан даласында жанқиярлықпен шайқасып, жеңіс жолында ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, жиналған жұртты Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Салтанатты жиын мәдениет үйінде өткен патриоттық концертпен түйінделді. Кеш барысында шырқалған жүрекке жететін әндер мен жырлар елге деген сүйіспеншілік пен рухани бірліктің шынайы көрінісін паш етті.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/991630?lang=kk
Жауап қалдыру