
Жеңіс күніне орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан ардагер тыл еңбеккерлеріне барып, құрмет көрсетті.
ҚХА өкілдері:
– Усачева Валентина Ивановнаға,
– Нұрмагамбетова Сапар Жарденқызына,
– Исабекова Куләш Тиышбекқызына барып,құрмет пен алғыс белгісі ретінде арнайы азық- түлік өнімдері салынған құттықтау себеттерін табыстады. Сондай-ақ,ардагерлерге денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық-саулық тілеген жылы лебіздерін білдірді.
Мұндай кездесулер аға ұрпаққа құрмет пен қолдау көрсету маңыздылығын еске салады.
Біз Ұлы Жеңіске өз еңбегі және ерлігімен үлес қосқан жандарды ешқашан ұмытпаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/991700?lang=kk
Жауап қалдыру