
6 мамыр күні қала әкімі, қалалық мәслихат төрағасы, полиция басқармасының бастығы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен көшпелі жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында қалаға кіреберіс жолында рұқсат етілген жылдамдықтың 60 км/сағ-қа дейін төмендетілуіне байланысты шектеулер мен жылдамдық режимін сақтау мәселелері талқыланды. Полиция басқармасының бастығы автокөлік жүргізушілеріне және БАҚ өкілдеріне енгізілген шектеулердің себептерін, бұл мәселеге қатысты заң нормаларын түсіндіріп, жылдамдық режимін сақтау бойынша тұрақты бақылау жүргізілетінін атап өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпті учаскелерде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.
Қала әкімі жолдардағы тұрғындарымыздың қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде әкімдік, полиция және қоғам өкілдерінің бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/991728?lang=kk

Жауап қалдыру