
Ауылымызда Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай “Жеңіс жалыны – жүректе” атты мерекелік іс-шара аталып өтілді. Округіміздегі Ұлы Отан соғысында шейіт болған боздақтарға арналған аллеяға жиналған қауым ата-бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Шараның жалғасы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен театландырылған қойылыммен, соғыс жылдарын еске алып, көрермен болып отырған жанның көзіне жас ұялатты. Округ әкімінің міндетін атқарушы Д.Әбілғани тыл ардагерлері Ж.Мамытов пен К.Байсакованың кеуделеріне 80 жылдыққа арналған төс белгілерін тағып, қарттарымызға алғысын білдірді. Шараның соңы ардагерлерге арнайылап жайылған дастархан басында жиналған жұртшылық бейбіт өмір мәңгі болсын деген тілек айтып тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/991989?lang=kk
Жауап қалдыру