Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша мәжіліс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 5 мамырында заңдылық пен тәртіп қағидатын ілгерілету мақсатында өңір әкімдігі базасында жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын қарау бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов қатысып, СЖТІТ нәтижелерін көпшілік талқылау оның сапасын арттыруға және есептілікті күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сондай-ақ цифрландыру және мұрағат басқармаларының басшылары баяндады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 мамырында аудан әкімдерінің орынбасарларымен және аппарат басшыларымен кеңес өтті.

Кездесулердің қорытындысы бойынша СЖТІТ сапасын күшейту, мемлекеттік сатып алу салаларын қамту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және мүдделер қақтығысының болуына мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/992039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді