Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады.

Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер, т.б. бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/992190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді