Жеңіс мерейтойына арналған митинг Құртай ауылдық округінде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Құртай ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты митинг өтті.

Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштің қасында қаза тапқан батырларды еске алуға аудан әкімі Е.Қ. Жаров, аудандық мәслихат төрағасы А.С.Асанова, ауылдық округ әкімі Р.М. Андағұлов, еңбек ардагерлері, тұрғындар мен оқушылар жиналды. Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысы туралы естеліктің қазіргі ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталғанын еске салды.

Митингке қатысушыларға арнап Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысындағы қан майданда қасық қаны қалғанша Отанын қорғағандардың және тылда еңбек еткендердің батылдығы мен табандылығын еске салып, болашақ ұрпақ үшін Ұлы Жеңістің естелігін есте сақтауға шақырды.

Іс-шараға қатысушылар бейбіт аспан үшін өмірін қиып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Митинг соңында оқушылар патриоттық өлеңдер оқыды. Қанша уақыт өтсе де, халқымыздың бұл соғыстағы ерлігінің мәні ешқашан төмендемек емес және сол уақыттағы батырлардың даңқы да өшпек емес.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/992249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді