
2025 жылғы 21 мамырда Business.enbek.kz порталында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.
Гранттар өтеусіз негізде 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде беріледі, оның нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) көп балалы болуына байланысты жәрдемақы алушылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар) көзделген.
Грант алу үшін Business.enbek.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш беру қажет, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Еңбек мобильдігі орталығы мен оның филиалдарына (Мансап орталықтары) жүгінуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/992302?lang=kk
Жауап қалдыру